Райм мен Артур Нұр-Сұлтанда рекорд орнатты

15 Сәуір, 2019 659 0

NewsROOM+. Өнер әлеміне небәрі 1 жыл бұрын келген Райм мен Артурды бүгінде Қазақстан жастары жақсы көреді. Оған күні кеше жұлдызды дуэттің Нұр-Сұлтандағы "Хан Шатыр" сауда орталығында берген концерті дәлел, деп жазады stan.kz.

Орталық сахнасында тұрғындарға арнап тегін концерт берген қарапайым оралдық жігіттер рекорд орнатқандарын айтуда. Концертке келген көпшілік әлеуметтік желіде фото-видеолармен бөлісіп, "Хан Шатырда" ине шаншырға орын болмағанын айтып жатыр. 

Ал аншлагпен өткен концертті желі арқылы тамашалаған көпшілік онда жиналған халықтың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген. 

"Хан Шатыр құлап қалмады ма?", "Пальмалар аман қалды ма?", "Мынадан кейін адамдар қалай шықты екен", "Масқара, қытайлардан да көп қой", "Қайрат Нұртаспен бірігіп концерт берсе, стадион жинайтындары сөзсіз", - деп жазды желідегілер.

Тегтер: Райм, артур, ханшатыр, сәукеле

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.