Түркістан: Қызғалдақты жұлғандар заң арқылы жазаланады

18 Сәуір, 2019 1189 0

NewsROOM+. ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлу, автожолдар бойында, басқа да орындарда сату жайттарын анықтау, алдын алу жолын кесу мақсатында биыл рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүргізілуде. Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген «грейг» қызғалдағын қатаң шара көріледі. Бұл туралы  Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Хамит Жорабеков қызғалдақтарды қорғауға бағытталған шаралар бойынша тоқталды. Ал, Түркістан облысы полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев қызыл кітапқа енген «Грейг» және «Коуфман» қызғалдағын жұлушылар жауапқа тартылатындығын жеткізді.

«ҚР қызыл кітабына енгізілгеннен кейін  «Грейг» және «Коуфман» қызғалдағын  заңсыз жұлу ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында  көзделген қылмыстық жауапкершілікпен қаралады. Құқықбұзушының әрекеті дәледенген жағдайда оған сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасына алып келіп соқтыруы мүмкін. Жыл басынан облыс тұрғындары заңсыз жұлған 57 дана қызғалдақ тәркіленді»,  – деді Түркістан облысы полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Н. Тұманбаев.

Сондай-ақ, Сырдария – Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы Ғани Назарбек табиғат аясында демалуға шыққан көпшілік әлеуметтік желіде қызғалдақтармен түскен суретін еш  қымсынбастан жариялап жатқанын айтты. Сондай-ақ, баға жетпес жауһарымызды көздің қарашығындай сақтау қажеттігін жеткізді.

Тегтер: түркістан, жаңалықтар, қызғалдақ, құқықбұзушылық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.