Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі көліктің күл-талқаны шықты

18 Сәуір, 2019 1037 0

NewsROOM+. Алматыда Төле би және Яссауи көшелерінің қиылысында жол апаты болды.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Mercedes-Benz көлігі Яссауин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатады. Жүргізуші бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай, қиылысқа шығып кетеді. Сол кезде Төле би көшесімен батыс бағытта Audi 100 көлігі келе жатқан еді.

Mercedes бар жылдамдығымен Audi көлігіне соғылып, қатты соққыдан авто бордюрге бір-ақ шығып, ағашқа соғылған.

Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері апаттың мән жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputnik


Тегтер: алматы, жолапаты, машина

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.