Өзбекстанда шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздардың арнайы тізімін жасақтамақ

24 Сәуір, 2019 255 0

NewsROOM+. Өзбекстанда бұдан былай шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды арнайы тізімге енгізеді. Ондағы мақсат - қыздың болашақ тағдырынан хабар алып тұру. Бұл туралы  centraiasian сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Өзбекстан әйелдер комитеті арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқылады.

Жиын барысында сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, арнайы тізім жасақталатыны да айтылды.

Осыған дейін Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан өзбек қыздарының азапталғаны туралы хабар тараған. Өзбекстан елшілігі ол қыздардың төлқұжатын қалпына келтіріп, еліне қайтуға көмектескен.

Тегтер: өзбекстан, жаңалықтар, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.