Тәуекел Мүслім ғашығының өзінен 11 жас кіші екендігін айтты

05 Маусым, 2018 2109 0

Көп қыздың арманы болған Тәуекел Мүсілім сүйіктісі бар екенін жариялады. Сері жігіттің жасы 30-ға келіп қалғанымен, ғашығы небәрі 18-де екен. Бұл туралы Тәуекел «Ел аузында» бағдарламасында айтты.

«Қазір кездесіп жүрген қызым бар. Жасы 18-де. Арамыз 11 жас. Алайда 18 жастағы қыз деп айтпайсың. Өмірге деген көзқарасы тұрақталған, салмақты, көп сөйлемейді. Жеке қалған кезде жақсы сырласамыз. Ал табиғаты, мінезі өзіме келеді. Көбінесе ер азаматтар анасына, әпкесіне ұқсайтын қыздар іздейді дейді ғой. Сол сияқты оны алғаш көрген кезімде өзімнің әпкемді көргендей болдым. Араласа келе, мінезі де сондай екенін білдім. Сол себептен сондай мінезімен маған ұнады деп айта аламын.

Анаммен әлі таныстырған жоқпын. Кездесіп жүргенімізге де көп болған жоқ. Бір жобамды бітірген соң, анаммен таныстыру ойда бар. Анам да күтіп жүр. Толықтай өзім қалағандай қыз, мінезі өзіме келеді. Қарапайым отбасынан шыққан» - дейді Тәуекел.

Тәуекел ғашығының әлі оқу оқып жүргендігін айтып, 1-2 жылдан кейін үйленіп қалуы мүмкін екендігін мәлімдеді.  

Тегтер: Тәуекел, Мүслім, актер, шоу-бизнес, үйленді, ғашық, жұлдыздар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.