Таллин қаласының әкімі қызылордалықтарға алғыс білдірді

25 Сәуір, 2019 1034 0

NewsROOM+. Қызылорданың тумасы Михаил Кылварт Эстонияның астанасы Таллин қаласының әкімі атанған еді. Ол өзіне қолдау білдірген қызылордалықтар мен облыс әкіміне алғыс білдірді.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске сала кетсек, Қызылорда тумасы Михаил Кылварт Таллин қаласының әкімі болып сайланған еді. Осыған байланысты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оған құттықтау жеделхатын жолдаған. 

Михаил Кылварт өңір басшысының хатына жауап беріп, жеделхат жолдады. Ол әкім мен жерлестеріне құттықтауы мен тілектері үшін алғыс білдірді. 

Таллиннің әкімі қызылордалықтарға алғыс білдірді



Тегтер: таллин, мэр, қызылорда

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.