«Бір жыныстыларды заңдастырар едім»: Байзақова президент болса 3 нәрсені өзгертетінін айтты

25 Сәуір, 2019 1253 0

NewsROOM+. Атышулы Айжан Байзақова президент болса бір жыныстырларды заңдастырғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол блогердің қойған сұрағына жауап беру барысында  баяндады. 

«Егер президент болсам, сағат кешкі 9-дан кейін ішімдік сатуға рұқсат берер едім. Екінші бір жыныстыларды заңдастырар едім. Үшінші сөз бостандығын берер едім», - деді Байзақова. 

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова бұған дейін тікелей эфирде былапыт сөз айтып, Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күнге қамауға алынған болатын.

Дереккөз: sn.kz

Тегтер: АйжанБайзақова, президент, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.