Жастарға кеңестік көмек көрсетілді

05 Маусым, 2018 1060 0

Ағымдағы жылдың 5 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналды мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «Big Шанхай» базарында жұмыскерлер мен сауда орталығының келушілеріне консультациялық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырды.  Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлап отыр.  

200 – ден астам азамат өзінің қалаған сұрағымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Отбасылық денсаулық орталығы «Достық», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және т.б. мекемелердің өкілдеріне жолыға алды. Сонымен қатар кәсіби заңгер, медиатор мен психолог маманы консультациялар жүргізді. «Астана жастарының» басшысы Мұхамеджан Болысбектің сөзінше мұндай шаралар жастардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, күнделікті өмірде қажетті кеңес берері анық.

Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.

Тегтер: астана, жастар, орталық, бағдарлама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.