Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

28 Сәуір, 2019 556 0

NewsROOM+. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді", - дейді Президент.

Оның пікірінше, дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының кемел саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, сондай-ақ, барлық этностар мен конфессиялар өзара сыйластықта өмір сүруде. Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік танытып келеді. Пасха мейрамы сіздерге бақ-береке әкеліп, игі бастамаларыңыздың жаршысы болсын! ", - деді ол.

Тегтер: тоқаев, пасха, христиан, мереке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.