Рингке хиджабсыз шығып кеткен Иранның боксшы қызы сотталмақ

03 Мамыр, 2019 582 0

NewsROOM+. Иранның боксшы қызы Садаф Хадем қамауға алынып, сотталып кетуі мүмкін,деп жазады Eurosport.

Оған сондай-ақ ер адамның қол астында жаттығу жасады деген ауыр айып тағылуда.

Иранның кәсіпқой бокс федерациясы жанжалдан қорқып, спортшыдан ат тонын ала қашты: басшылықтың сөзінше, спортшы федерация мүшесі ретінде тіркелмеген, турнирге жеке тұлға ретінде қатысқан.

Хадем – халықаралық турнирде жеңіске жеткен Иранның тұңғыш әйелі. Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.


Тегтер: иран, орамал, бокс, айып

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.