"Қанағат, бір-ақ миллион жетеді": Бақай мен Азия топтарының бір күндік гонорары қанша

08 Мамыр, 2019 622 0

NewsROOM+. «Опмай, опмай» деп ән салған «Бақай» мен «Азия» топтары бір тойға шығу құнының қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz «Жұлдыздар жарқырайдыға» сілтеме жасап.

«Бақай» мен «Азия» тобының бірігіп шығарған «Опмай, опмай» әні небәрі үш айдың ішінде хит шерулердің көшін бастап қана қойған жоқ. Сонымен қатар, youtube желісінде 35 миллион қаралым жинаған. Сұранысқа ие әннің арқасында топтың тойдан табатын ақшасы көбейген.

«Екі топқа екі-ақ миллион. Бәрі айта берсе, біз де айта береміз. Қанағат, бір-ақ миллион жетеді», - деді олар.

Бір күнде төрт тойға шақырылатын топтың уақыты да тығыз. Тойға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары жиі шақыратын көрінеді.

«Жаңа туынды шыға қалса, сынауға дайын тұрамыз. Неге соны көтермеске? Мен соған таңғаламын. Сынаудан көз ашпайтын болдық», - дейді «Бақай» мен «Азия» топтары.

Топ тағы бір жаңа туындысын халыққа ұсынбақ. Жаздың хит әніне айналады деп болжанған туынды «Атың өшкір кредит» деп аталады.



Тегтер: Опмай, опмай, азиятобы, гонарар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.