Жалған дипломдар қазір шамамен 500 мың теңге тұрады

14 Мамыр, 2019 531 0

NewsROOM+. Шемонаиха тұрғыны бұған дейін қылмыстық топпен ұрлық жасап, жеті жыл жазасын өтеп келген. Енді жалған диплом алып, жаңа өмір бастамақ болған, деп хабарлайды newsroom.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелге кетіп, жұмысқа орналасқысы келгенімен, ол сатып алған дипломының ШҚО бойынша білім саласындағы бақылау департаменті арқылы тексеруден өтетінін білмеген сыңайлы.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен сатып алған дипломы оған тек кесірін тигізді.

Шемонаиха аудандық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға шешім шығарды.


Тегтер: диплом, проект, сату, қылмыс, студент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.