Өнер адамдары көпбалалы отбасыға үй сыйлап, 500 адамға ауызашар берді (видео)

15 Мамыр, 2019 118 0

NewsROOM+. Өнер адамдары көпбалалы анаға үй сыйлап, орталық мешітте 500 адамға ауызашар берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірқатар өнер адамы орталық мешітте 500 адамға ауызашар жасап, 6 балалы мұқтаж отбасына баспана сыйлаған. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Ердос Қанаев, Ерғали Әбдірайымов және өзге де өнер жұлдыздары бар.

Бұл жайлы видеоны Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 6 балалы анаға үйдің кілтін табыстаған өнер жұлдыздары көпшіліктің ықыласына бөленді. Рамазан айында игі іс жасап, мұсылман қауымның  ризашылығын алды.

«Исламда жария садақа рұқсат етілген. Өнер адамдары орталық мешітте 500 адамға ауызашар беріп, қасиетті айда 6 баласы бар анаға үй сыйлады. Алла тағала ниетімізді қабыл қылғай. Елімізде баспанаға мұқтаж жан болмасын. Әумин!» - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Бейнежазбада үй алған отбасының қуаныштан көзіне жас алып, алғысын жаудырып жатқаны байқалады. Өнер адамдарының бұл әрекетіне желі қолданушылары да оң бағаларын берді.


Тегтер: ауызашар, отбасы, баспана, садақа

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.