
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласының әкімшілік ғимаратында әнұранның сүйемелдеуімен еліміздің мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі ҚР СІМ
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сан-Францисконың мэрі Лондон Н. Брид осы күнді қалада АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық күні ретінде жариялау туралы құжатқа қол қойды.
«Былтыр басталған бұл іс шара АҚШ-тың батыс жағалауында жыл сайынғы әдетке айналып келеді. Бұл екі ел арасындағы саяси, мәдени ынтымақтастықты нығайтып, халықтар арасындағы достықты арта түсіретінін айта кеткен жөн», делінген хабарламада.