Стамбұлдан ұшып келген азаматтан 82 млн. теңгенің алтыны тәркіленді

21 Мамыр, 2019 624 0

NewsROOM+. Мемлекеттік қазынаға 10 келі алтын! Шымкентте Стамбұл қаласынан ұшып келген 1986 жылғы ҚР азаматы ұсталды. Тексеру барысында қол сөмкесінде 82 млн. теңгені құрайтын зергерлік бұйымдар табылған.

Аталған дерек бойынша азамат Асхат Устаевқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 234 бабы «Экономикалық контрабанда» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу барысында, алтын бұйымдарды Тараз, Алматы, Нұр-Сұлтан қаларына өткізуді көздеген.

Асхат Устаев кінәлі деп табылып, тәркіленген 10 келі алтын мемлекет есебіне тәркілеу жазасы тағайындалды.

Дереккөз: otyrar.kz


Тегтер: қазына, алтын, ұрлық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.