weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда үш бойжеткен 21 жастағы аруды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Алматыда үш бойжеткен 21 жастағы аруды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Алматыда үш бойжеткен 21 жастағы аруды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
Алматыда үш нәзік жанды 21 жастағы бойжеткенді еркінен тыс жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Дереккөздің мәліметінше, ұсталған үш күдіктінің де интимдік-индустрияда жұмыс істейтіні белгілі болған. Олардан жәбір көрген арудың 1999 жылғы екені анықталған. "Бізге бойжеткеннің өзі көмек сұрап хабарласты. Ол жалдамалы пәтерден қашып шыққан. Оны еркінен тыс күштеп ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер тез анықталды. Олардың қайсысы басты рөлді атқарғанын да білдік. Ол 1992 жылғы болып шықты. Оның "көмекшілері" де өзімен қатарлас. Екеуі пәтерде жәбірленушіні күзеткен. Олар қамаудағы қызды қорқытып, ата-анаңа не істеп жатқаныңды айтамыз деген. Қазір үш әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс ПД Тергеу басқармасында тергеліп жатыр", – деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→