"Компьютерлік ойындарға тәуелділікті" ресми түрде ауру деп танылды

27 Мамыр, 2019 755 0

NewsROOM+. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "компьютерлік ойындарға тәуелділікті" ресми түрде ауру деп танып, оны халықаралық аурулар классификациясына енгізді. Ұйымға мүше елдер бұл шешімді Женевада өткен ДДСҰ ассамблеясында қабылдады.


Аурулардың халықаралық классификациясына клиникалық зерттеуге алынатын індеттер кіреді. Ондай ауруға шалдыққан адамдар емделуге мүмкіндік алады.

Аурулардың жаңа классификациясы 2022 жылы күшіне енеді. Компьютерлік ойындарға тәуелділік жеке, отбасылық, әлеуметтік, білім алу және кәсіби қызметіндегі қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі.

ДДСҰ пікірінше, бұл індетке шалдыққандар компьютерлік ойындарды басқа қызығушылықтан жоғары қояды.

centralasian.org


Тегтер: Дүниежүзілікденсаулықсақтауұйымы, компьютер, тәуелділік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.