Қазақстан елшісі Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Сенатының төрағасымен кездесті

29 Мамыр, 2019 904 0

NewsROOM+. 2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Нигматилла Йулдошевпен кездесті. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Әңгіме барысында Н.Йулдошев Қазақстан Республикасының қарқынды дамуына жоғары баға беріп, Өзбекстан Нұр-Сұлтан қаласымен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға Орталық Азия өңіріндегі негізгі серіктесі ретінде үлкен мән беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Елші Д.Сатыбалды сұхбаттасушыны Қазақстандағы соңғы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, атап айтқанда алдағы президенттік сайлау туралы хабардар етті. 

Қазақстандық дипломат екі ел көшбасшыларының өзара түсіністігіне негізделген бірлескен жұмыстың арқасында елдер екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Осы орайда екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы, оның ішінде ҚР Парламенттері Палаталарының басшылары арасында сапарлар алмасу арқылы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы айтылды. 

Әңгіме соңында Сенат Төрағасы Қазақстанның Өзбекстандағы елшісіне бауырлас елдер арасындағы қатынастарды одан әрі кеңейту жолындағы жұмысына толағай табыстар тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер: өзбекстан, қазақстан, елші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.