weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президентке өлім тілеген Қуат Найманның басы дауға қалды

Президентке өлім тілеген Қуат Найманның басы дауға қалды

Президентке өлім тілеген Қуат Найманның басы дауға қалды
ашық дереккөзі
Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ынның өлімі туралы жариялаған ақпаратқа қуаныштан қол соққан Қуат Хамитовтың басы дауға қалды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Ережесіз жекпе-жектің жұлдызы талай додада еліміздің намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов желі қолданушылардың сынына "оңбай" ілікті. Ол американдық басылымдардың болжамынша, Солтүстік Кореяның басшысының қайтыс болғаны туралы ақпаратқа "сол секілді адамдардың кесірінен миллиондаған қарапайым халық жапа шегуде, келесі өлімді мерекедей күтем" деп жазба қалдырып, қуаныштан қол соққан суретті салған. Алайда 32 жастағы спортшының бұл әрекетіне желі қолданушылары наразылығын білдірді. "Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле", "біреуге өлім тілеу мұсылманға жат қылық. Мұныныңыз ұят болды", "біреудің өлгеніне қол шапалақтағаныңыз қалай болғаны?", "өзің де төбелесіп, жеңіліп қалсаң, бүкіл қазақ шапалақтайды", "қандай жаман адам болса да, солай істеуге бола ма екен?" сынды пікірлерді қарша боратқан. Спортшы ережесіз жекпе-жек алаңына шығатын кезде, қарсыласын "көміп тастайтын" әдетімен ерекшеленеді. «Найман» деген бүркеншік есіммен айқас алаңына шығып жүрген спортшы бұған дейін де әлеуметтік желіде өз ойын ашық жазып жүретіні белгілі.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→