weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды

ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды

ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерват аумағындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  "Өрт 25 сәуірде 19:00-де ауыздықталды. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орналастыру орындарына оралып жатыр", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге "Семей орманы" МОТР күштері мен құралдары жұмылған. "Су құю құрылғысы бар Ми-26Т борты арқылы 100 тоннан аса көлемде 13 төгінді құйылды. Ми-8 борты арқылы 30 тоннадан аса 13 төгінді жасалды", - деді ТЖК өкілдері.
Еске салайық, орман өрті 23 сәуірде басталған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 400-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы, сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең үлкен тікұшақ - МИ-26Т жұмылған.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→