weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

КХДР басшысы қайтыс болды деген хабар қайдан шыққаны белгілі болды

КХДР басшысы қайтыс болды деген хабар қайдан шыққаны белгілі болды

КХДР басшысы қайтыс болды деген хабар қайдан шыққаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның жүрегіне ота жасаған дәрігер ем шарасын уақытылы орындай алмай қалған. Бұл туралы жапониялық Shukan Gendai журналында жазылыпты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтее жасап. Дәрігердің айтуынша, КХДР басшысы кезекті іссапарларның бірінде қатты ауырып, жақын арадағы ауруханаға жеткізіліпті. Осы кезде Қытай елінен кәсіби мамандар елге шақыртылған көрінеді. Ким Чен Ынның жағдайы ауыр болғандықтан отаны жедел түрде жасауға тура келіпті. Операция жасау жергілікті аурухананың дәрігеріне тапсырылған. Ота түрі қиын емес көрінеді, жоспар бойынша оның ұзақтығы бір минут болуы керек болған. Қобалжыған хирург маман дірілдеген қолымен ота жасап шығады. Бұған қоса оның бұл бағытта тәжірибесі жоқ болған сыңайлы. Соның нәтижесінде ота сегіз минутқа дейін созылып, КХДР басшысы вегетативті қалыпқа түскен. Еске салайық, әлемдік БАҚ-та Солтүстік Корея басшысы қайтыс болды деген хабар жаппай тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты КХДР-дың ресми өкілі жоққа шығарып отыр.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→