Ольга Рыпакованың күйеуі жаңа қызметке тағайындалды

03 Маусым, 2019 590 0

Шығыс Қазақстан облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz ақпарат агенттігі.

Енді аталмыш мекемеге Денис Рыпаков басшылық ететін болады.

Басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі Денис Рыпаковтың тәжірибесі мол маман екенін айта келе, бұл тағайындау өңір спортының дамуына да тың серпін беретініне сенім білдірді. Осы ретте бұған дейін аталған басқарманы Асқар Можанов басқарғанын айту керек.

– Бұл азаматты барлығыңыз да жақсы білесіздер. Денис Рыпаков – танымал спортшы ғана емес, сондай-ақ осы салада түрлі басшылық қызмет атқарған білікті маман, тәжірибелі басшы. Мәселен, ол бүгінде Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына басқарып, өңір спорты үшін ғана емес, республикалық маңызға ие жұмыстардың басы-қасында жүр. Денис Рыпаков республикалық жеңіл атлетика федерациясымен де тығыз байланыста. Ол – еліміздегі аталмыш спорт түрінің беткеұстар мамандарының бірі. Сондықтан Денисті осындай басшылық қызметке тағайындау өте орынды шешім деп білемін. Жаңа басшы сенім үдесінен шығатынына күмәнім жоқ, – деген облыс әкімі басқарма ұжымының қызметіне де сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Денис Рыпаковтың спортшы ретінде де жеткен жетістіктері аз емес. Мәселен, ол 2003 жылы Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен дүниежүзілік Универсиада 400 метрге жүгіру сайысында күміс жүлдеге ие болған. 

Сондай-ақ, саясаттанушы Ербол Еділовтың Телеграм каналының жазуынша Д.Рыпаков Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жұбайы көрінеді. 




Дереккөз:ALTAYNEWS

Тегтер: ольга, рыпакова, денис, рыпаков, тағайындау, қызмет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.