Студенттер арнайы сайт арқылы жатақханаларға байланысты өтініштерін анонимді түрде бере алады

03 Маусым, 2019 439 0

NewsROOM+. Елімізде ең жайлы студенттік жатақханалардың рейтингі жасалады, деп хабарлайды ortcom.kz.

« Еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын аралайтын арнайы топ құрылып, мониторинг жүргізіледі», - деді Қазақстан студенттер Альянсының Президенті Ілияс Түстікбаев.

Айтуынша, жатақханаларға баратын мониторингтік топтардың ішінде Жастар ісі жөніндегі комитет басшылары тікелей қатысады.

«Бір университеттің студенттері немесе Жастар ісі жөніндегі комитеттің басшылары басқа университеттерге барып, сауалнама жүргізеді. Сондай – ақ, биыл барлық республика аймағындағы студенттерге сайт іске қосылады. Сол сайттың ішінде кез келген студент анономді түрде немесе ашық түрде өздерінің шағымдарын, ұсыныстарын айта алады. Ол жатақхана мәселесіне де қатысты. Сол жерде рейтингтер шығарып отыратын боламыз», - Ілияс Түстікбаев.

Айта кетсек, жастар жылының шеңберінде «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Студенттер үйі 2.0» жобасын іске қосты.

Тегтер: Жастарісі, университет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.