weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды
ашық дереккөзі

 width=

 

Бүгін мемлекет басшысы Қ. Тоқаев еліміздегі Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Егер осы уақыт ішінде коронавирустың жаңа ошақтары пайда болмаса, режим алынады. Атаулы әлеуметтік көмек алған азаматтар, 42500 теңгені осы айда тағы да алады. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді. Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ ардагерлерге тиісінше лайықты құрмет көрсетіледі.

Сондай ақ, Денсаулық сақтау министрлігіне ауруды тест арқылы анықтау үшін халықаралық стандартқа сәйкес тәулігіне кем дегенде 20-25 мыңға дейін жеткізу, қысқа мерзім ішінде отандық тест-жүйесінің өндірісін қолға алу тапсырылды.

Осы күнге дейін:

  • 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді.
  • 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды.
  • Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарда бар.
  • Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі.
  • 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды.
  • 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды.

Дереккөз

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→