"Әртүрлі әңгімелер айтылды": Назарбаев Әйтімовамен қалай танысқанын еске алды

06 Маусым, 2019 512 0

NewsROOM+. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Құрметті Сенатор"куәлігі мен төсбелгісін бергені үшін депутаттарға алғысын білдірді. Елбасы өз сөзінде болашақ жоспарларын айтып, естеліктерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Тұңғыш президент сенатор Бірғаным Әйтімоваға ерекше тоқталып өтті.

"Әйтімовамен ұзақ жылдан бері таныспыз. Орталық комитеттің демалыс үйіне бардым, сол жерде (онымен таныстым - ред.). 1990 жылы, ойлаңдаршы? Біз ары-бері серуендеп жүрдік. Бірақ неге екені белгісіз кездеспедік, сөйлеспедік. Бірақ әртүрлі әңгімелер айтылды.

Содан бері Бірғаным Сариқызы қасымда, мен тағайындаған көптеген қызметте істеді. Соның ішінде дипломаттық қызметте үлкен жетістікке жетті. Бұл жарқын күндер деп ойлаймын, тарих", - деді Назарбаев.

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, аталған уақыт аралығында Әйтімова Кеңестік балалар қоры Қазақ бөлімшесінің басқарма төрағасының орынбасары болған.

Одан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының жастар істері бойынша Жоғарғы Кеңес комитетінің төрайымы, жастар істері жөніндегі министр, туризм және спорт министрі, білім және ғылым министрі, премьер-министрдің орынбасары сынды қызметтерді атқарған.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Израиль, Италия, Куба елдеріндегі елшісі қызметін атқарып, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ғы тұрақты өкілі болған. Қазіргі таңда - сенат депутаты.

Тегтер: Назарбаев, БірғанымӘйтімова

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.