Сағынтаев үкімет отырысын көңіл айтудан бастады

19 Маусым, 2018 1034 0

Бақытжан Сағынтаев 17 маусым күні болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан марқұмның отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

17 маусым күні "Астана-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, салдарынан 25 адам зардап шеккен болатын. Тағы бір жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан.

Бүгін премьер-министр кезекті үкімет отырысын Шу станциясында болған төтенше жағдайды еске алудан бастады.

"Өкінішке қарай, бір бала қаза тауып, жараланғандар да бар. Қаза болған баланың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Сол күні шұғыл түрде инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, "ҚТЖ" компаниясының арасыда комиссия құрылды. Компания басшысы шұғыл Шуға жол тартты", — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

 

Тегтер: сағынтаев, шу, пойыз, көңілайту

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.