weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өзіне қол салған адамнан вирус табылды

Өзіне қол салған адамнан вирус табылды

Өзіне қол салған адамнан вирус табылды
ашық дереккөзі
Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде СОVID-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға өзіне қол жұмсағанын анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған. Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс. "Короновирус жұқтырғаны мәйітханада анықталған. Бізге арнайы хабарлады. Мемлекеттік сараптаманың хатын алдық. Жұмыстан қалып, бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдармен бірге түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы, туыстары бар", - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→