weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұшақпен қатынау үшін 20 мың теңгеге ақылы тест тапсыру керек

Ұшақпен қатынау үшін 20 мың теңгеге ақылы тест тапсыру керек

Ұшақпен қатынау үшін 20 мың теңгеге ақылы тест тапсыру керек
ашық дереккөзі
1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы және кері бағыттағы әуе рейстері қалпына келтіріледі. Алайда, ұшаққа бортына тек COVID-19 вирусы анықталмағаны туралы куәлігі бар жолаушылар ғана жіберіледі, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Sputnik.kz сілтеме жасап.
Қазақстанның көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов анықтама алу процедурасы туралы толығырақ баяндап берді. Оның айтуынша, ұшақ билетін сатып алғысы келетін жолаушылар алдымен  коронавирусқа қатысты ақылы тексеруден өтуі тиіс. Бүгіннен бастап Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Қарағандыдағы зертханалар ПТР-әдісімен (полимеразды тізбекті реакция) ақылы анализ жасайды. Қызмет құны шамамен 20 мың теңгені құрайды. Тестілеу алдында үш сағат бойы ештеңе жеуге немесе ішуге болмайды. Тест нәтижелері бір күннен кейін белгілі болады. Ал коронавирусқа қатысты анықтама жеті күнге жарамды. Егер жолаушы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келсе, ал анықтаманың мерзімі өтіп кеткен болса, оралу үшін қайтадан ақылы тестілеуден өту керек. Айта кетейк, ПТР сынағы ұшақта коронавирус жұқтырған адамдардың болмайтынына кепілдік бермейді, бірақ ол бұл ықтималдықты айтарлықтай төмендетеді.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→