"Мақаш-қаланың" тарихы

14 Маусым, 2019 2193 0

NewsROOM+. Өз заманында Дағыстан халқын геноцид жасаймын деп Патша ұйғарым шығарды. Ол кезде Астрахань және Жайық, Еділ жағалауының Правителі Мақаш болып тұрған уақыт. Мақаш Правитель Кіші жүздің Шеркеш руынан болады.

Тау халқы өздеріне араша түсетін шапағатшы таба алмағаннан кейін Мақаш Правительге келіп көмек сұрайды. Себебі Мақаштың Патшамен өте тығыз қарым қатынаста екенін көбі білді. Парасаттылығы мен біліктілігін барлық басшылар бағалады. Мақаштың көптеген мұсылман зиялыларына шапағаты тигеніне тарих куә. Күйші Құрманғазыны қудалаудан босатып, ақ билет алып берген де өзі еді.

Дағыстан бауырларымыздың болашағына немқұрайлы қарамай, қолынан келгенше көмек көрсетуге бет бұрды. Алтын бұйымдарын  әкеліп беруін бұйырды. Жиналған алтынды балқытып Алтыннан Киіз Үй жасатты. Киіз үйді патшаға сыйға тартты . Патшаның риза болғаны соншалықты "Уважил Махаш! Проси чё хочешь!" деген сөз аузынан шығып кетеді. Сол мүмкіндікті пайдаланып, Дағыстан халқын Ғафу етуін сұрайды. Сөздің аты Сөз. Сөзге тұру керек заман. Патша райынан қайтты. Сол кезден бастап Дағыстанның астанасы "Мақаш қала". Ескілерден естіген дағыстандықтар бұны жадында сақтауда. Кейінгі ұрпақ білмесе білмейтінде шығар.
Әлбетте тарихты қазіргі уақытта әркім өзіне тиімді қылып өзгертуде. Ақиқатты интернеттен іздейтін замандамыз. Ол интернетке кім  және қандай мақсатпен енгізілгенінде шаруамыз жоқ. 

Ақсақалдардың әңгімесінен!

Тегтер: махачкала, дағыстан, тарих, мақаш, правитель

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Тагордың үйі

06 Мамыр, 2019

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.