Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуылдаушы кінәсін мойындамады

14 Маусым, 2019 1171 0

NewsROOM+. Жаңа Зеландиядағы Крайстчёрч қаласындағы мешіттерге шабуыл жасаған Австралия азаматы Брентон Таррант кінәсін мойындаудан бас тартты.

New Zealand Herald газетінің хабарлауынша, сотқа оның адвокаттары қатысып жатыр, ал Таррант сот алдында Оклендтегі түрмеден бейнебайланыс арқылы жауап берді. Басылымның хабарлауынша, сотталушы сот отырысын мысқылмен бақылаған.

Сот процесі 2020 жылдың мамыр айына тағайындалды.

28 жастағы Брентон Таррантқа терроризм қылмысы, 51 адамды өлтіру және 40 адамның өміріне қауіп төндіру айыптары тағылған.

15 наурызда Таррант Крайстчёрч қаласындағы мешіттердің біріне келушілерге оқ атты, одан соң қашып кетіп, тағы бір мешітке шабуылдады. Таррант шабуыл барысын Facebook арқылы тікелей эфирде таратқан.

Осы оқиғадан соң Жаңа Зеландия қару ұстау туралы заңдарын қатайтты.

Дереккөз: centralasian.org


Тегтер: ЖаңаЗеландия, Крайстчёрч, мешіт, шабуыл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.