Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды

20 Маусым, 2018 1907 0

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің жаңа әкімі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке Нұрлан Сауранбаевтың орнына келді, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

"Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Ақорданың хабарламасында. Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. Еске сала кетейік, Нұрлан Сауранбаев қала әкімі қызметіне 2017 жылдың 7 қарашасында тағайндалған болатын. 7 айдан аса уақытта ол бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып үлгерді: "Мектепке қауіпсіз жол", "Қошқарата өзенін абаттандыру" жобасы және тағы басқалары. Кеше, 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілген болатын.

 

Тегтер: әбдірахымов, шымкент, тағайындау, оңтүстік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.