Қырғызстанның экс-президенті коррупцияға қатысы бар деген күдікке ілінді

18 Маусым, 2019 454 0

NewsROOM+. Бішкек жылу электр станциясы бойынша елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты бөлек тергеу басталды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу басқармасының басшысы Самидин уулу Сагынбек мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Тергеу материалдары бас прокуратураға жіберілген.

17 маусымнан бастап Жогорку Кеңеште экс-президент Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік құқығынан айыру жөнінде арнайы депутаттық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Депутат Каныбек Иманалиевтың айтуынша, Атамбаевтың өзі ЖЭС-ті модернизациялау жөнінде шешім қабылдаған.

2018 жылдың 26 қаңтарында орын алған Бішкек ЖЭС апатынан кейін үш бірдей қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ісінің мәліметі бойынша, жауапты тұлға станцияны жөндеу үшін ең көп ақша сұраған қытайлық компанияның мүддесін қолдаған. Жөндеу жұмысына мемлекет бюджетінен 386 млн доллар қаржы бөлген.

Бүгінде бұл іс бойынша 8 адамға қылмыстық іс қозғалған. Олар - елдің бұрынғы премьер-министрлері Сапар Исаков, Жанторо Сатыбалдиев, бұрынғы энергетика министрі Айбек Калиев және т.б. тұлғалар.


Тегтер: АлмазбекАтамбаев, экс-президент, коррупция, Қырғызстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.