АҚШ Украинаға 250 млн долларға әскери көмек жібереді

19 Маусым, 2019 436 0

NewsROOM+. АҚШ қорғаныс министрлігі Украинаға 250 млн долларға әскери көмек жіберетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Пентагон сайтында хабарланған.

Украинаға тек ғана ұшатын қарулар емес, снайперлік винтовкалар мен зенитті гранаталар және қосымша жүйелер жеткізіледі. Құрал-жабдық негізінен Украинаның әскери-теңіз күшіне және арнайы тағайындалған армияға жеткізіледі деп жазылған сайтта.

Пентагонның мәлімдеуінше, әскери көмек АҚШ пес Украина арасындағы қауіпсіздікті күшейту келісімі бойынша жүзеге асады.

Өз кезегінде Украинаның Вашингтондағы елшілігі Америкаға жіберілетін көмек үшін алғысын жеткізді.

2014 жылдан бері АҚШ Украинаға 1,5 млрд долларға әскери көмек берген.

Дереккөз: Abai.kz


Тегтер: АҚШ, Украина, әскерикөмек, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.