Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін емхана ашылды

21 Маусым, 2018 1448 0

Шипажайдың алғашқы емделушілері 25 маусымда келеді деп болжануда. Пантотерапия курсының ұзақтығы 5-10 күн

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында "Зәру" пантомен емдеу шипажайы ашылды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жобаның жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
"Мен осында тек ақтөбеліктер ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көршілес өңірлерінің тұрғындары да келеді деп ойлаймын. Қазіргі заманғы пантомен емдеу емханасының ашылуы — дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы мен табысты аймақаралық ынтымақтастықты белсенді дамытудың айғағы. Біз аграрлық секторда облыс үшін таңсық өндірістің түрлерін қолдау арқылы экономиканың бұрын игерілмеген әлеуетін пайдаланып, ең бастысы — азаматтарымызды өз өндірісіміздің пайдалы өнімдерімен қамтамасыз етеміз", — деп атап өтті  Бердібек Сапарбаев. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы жергілікті билік дәстүрлі емес ауыл шаруашылығымен айналысатын АӨК субъектілері үшін толық қолдау көрсетеді деп сендірді.

 Шипажай Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген 150-ден аса марал емдеу шикізатымен қамтамасыз етілетін болады. Фермада барлығы 30 адам еңбек етпек. Келешекте марал мүйізінің негізінде биологиялық қоспалар шығару жоспарда бар.

Шипажайдың алғашқы емделушілері 25 маусымда келеді деп болжануда. Пантотерапия курсының ұзақтығы 5-10 күн.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Тегтер: Ақтөбе, емдеу, емхана, санаторий, бұғы, мүйіз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.