Екі жылқы,үш сиыр: Зеренді ауданының әкімі парамен ұсталды

19 Маусым, 2019 707 0

NewsROOM+. Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі мен оның екі орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі М. Мұстафинға, сондай-ақ оның орынбасарлары Қ. Жақыпов пен Э. Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған адамдар жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдардың егілуіне көз жұма қарағаны үшін 3 млн теңге сомасында - жалпы құны 1,5 млн теңгені құрайтын 2 жылқы және 3 мүйізді ірі қара мал түрінде пара алған», - деп жазды хабарламада.

19 маусымда Зеренді аудандық сотының үкімімен М.Мұстафин 3 жыл, Мұқашев 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Ал Жақыпов 4 млн теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

holanews.kz

Тегтер: Ақмолаоблысы, Зеренді, әкім, пара, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.