Қазақстанда ҰБТ басталды

20 Маусым, 2019 192 0

NewsROOM+. Қазақстанның барлық өңірінде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл ҰБТ-ны жүз мыңнан астам түлек тапсырады, олардың мемлекеттік білім грантын жеңіп алуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Sputnik.

2019 жылы ҰБТ 20-30 маусым аралығында 169 пунктінің базасында өтіп жатыр. Тестті 117 242 адам таспырады, олардың арасында биылғы және былтырғы түлектер, колледж бітіргендер бар.

2019 жылы тестілеу 16-шы рет өткізіліп отыр. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 1 миллион 800 мың адам тапсырған.

Түлектердің білімі қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде үш міндетті және екі бейінді пән бойынша тексеріледі. Міндетті пәндер қатарына математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы жатады.

Екі бейінді пән бойынша тест тапсырмаларының саны 30. Оның ішінде 20 тапсырманың бір ғана дұрыс жауабын таңдау керек, қалған он тапсырмада бір немесе бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін.

Тест жинағында барлығы 120 сұрақ бар. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут беріледі. Түлек ең жоғары дегенде 140 балл жинай алады.

ҰБТ тапсыратын жерлерде мемлекеттік комиссиялар құрылған. Оның құрамына құқық қорғау органдары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.

Аудиториялар ұялы байланысты сөндіру құрылғылары және видеокамералармен жабдықталған.

ҰБТ кезінде түлектерге аудиториядан рұқсатсыз және жалғыз шығуға, орын ауыстыруға, тестілеу материалын айырбастауға, гаджеттерді пайдаланға тыйым салынады. Тәртіп бұзылған жағдайда тестілеу қорытындысы жойылады.

ҰБТ қорытындысы тестілеу күні белгілі болады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.

Түлектер қанша балл жинағанын @edugovkz_bot Telegram-боты арқылы біле алады. Ол үшін талапкердің жеке тестілеу нөмірін енгізсе болғаны.

Апелляцияға өтініш ҰБТ қорытындысы жарияланғаннан соң келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады. Апелляция комиссиясы оларды бір күнтізбелік күн ішінде қарайды.

Өтініш беруші апелляция комиссиясының отырысына келмесе, оның сұрағын қарастырмайды.

Өтінішті түлектің өзі беруі тиіс әрі нақты пән мен сұрақты көрсетіп, шағымын негіздеуі қажет. Комиссия отырысына жеке куәлігі мен тетілеуге қатысуға рұқсат қағазын алып бару керек.


Тегтер: Қазақстан, ҰБТ2019, тест, жауаптар, түлек, грант

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.