Ақшаға сатылды, қорқытты: Қосанов сайлау кезіндегі әрекетіне орай көптеген сұрақтарға жауап берді (видео)

20 Маусым, 2019 1050 0

NewsROOM+. Қазақстан президенттігіне үміткер болға Әміржан Қосанов көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді. Сайлау қорытындысы шықпай жатып Тоқаевты жеңісімен құттықтаған саясаткер сайлау алды үгіт-насихат кезінде бірге жұмыс істеген жақтастарына жақпай қалған еді. Тіпті елге танымал, салмақты азаматтар Қосановты «сатқын» деп атаған еді.

Саясаткер  «Қазақтаймс» басылымына сұхбат беріп, болған жағдай бойынша өзіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ.

«Менің мұндай шешім қабылдауымның арғы жағында терең фактор жатыр. Ел митингілерге шығып, Әбілязов мырза мені халыққа жаман көрсетіп, сайлау күні және одан кейінгі күндері қарсылық білдіретін халықты алыста отырып дайындап қойды.

Кезінде талай митингіні өзім ұйымдастырдым. Жаңаөзендегі қанды қырғындағы жағдай көз алдымда әлі тұр. Жазықсыз адамдар оққа ұшты. Бейкүнә жандардың қаны төгілді.  Сондықтан менің сайлау қорытындысы шықпай тұрып митингілер мен наразылықты азайтуды ойладым.

Одан кейін Тоқаевтың жеңісін мойындау ол -шындықты мойындау. «Жоқ мен сенбеймін, мен жеңдім» деп көзсіз батырлыққа барудың артында әрекет болу керек.

Мойындамасаң артыңнан халық еріп, наразылыққа шығу керек. Адамдар митингіге шығуға дайын тұр еді. Сондықтан айтарым мені ешкім сатып алған жоқ. Мені сатып алу мүмкін емес. Мені ешкім бопсалап немесе қорқытқан жоқ»,-деді Қосанов.

Саясаткер мұндай қадамға бармаған кезде елді арандатып, митингті күшейтіп елді дүрліктіре түсетін едік дейді.

Толығырақ видеодан көріңіздер:

Тегтер: Қосанов, кандидант, президент, сайлау, сатқындық, билік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.