Өзбекстанда Сириядан оралған әйелдердің біріне пәтер сыйлады

20 Маусым, 2019 568 0

NewsROOM+. Өзбекстанда Сұрхандария облысы әкімшілігінің 19 маусымда хабарлауынша, мамыр айының соңында Сириядан оралған жергілікті үш әйелдің біріне екі бөлмелі пәтер берілді.

Қалған екі әйелге медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.

Әкімшілік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сириядан оралған соң пәтер алған әйелге жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы тағайындалған.

"Әкімшілік өкілдері оған тігін машинасын, азық-түлік және басқа да сыйлық берді" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, биыл 30 мамырда Өзбекстан билігі Таяу Шығыстан 156 ел азаматын арнайы рейспен елге алып келді. Ресми мәлімет бойынша, елге 107 бала мен 48 әйел Өзбекстанға оралған.

Дереккөз: centralasian.org


Тегтер: Өзбекстан, Сирия, үй, көмек, билік, психология, әлеуметтңк

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.