weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Коронавирус жұқтырған ақ халатты абзал жан өзіне қол жұмсаған

Коронавирус жұқтырған ақ халатты абзал жан өзіне қол жұмсаған

Коронавирус жұқтырған  ақ халатты абзал жан өзіне қол жұмсаған
ашық дереккөзі
 width=                                           Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды NewsRom+ақпарат агенттігінің тілшісң Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Портал мәліметінше, 49 жастағы дәрігер коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген. Жақында бас дәрігерден коронавирус анықталып, оны жұмыстан босатқан. Брин соңына дейін науқастармен жұмысты жалғастыру керегін айтқан. Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс жерде де жансақтау бөлімінде көз алдында болған қиын сәттерді жиі еске алып отыратын. Оның көз алдында вирус жұқтырған бірнеше науқас қайтыс болған екен. Соның салдарынан, Брин науқастармен жұмыс кезіндегі эмоциялық күйді жеңе алмаған. "Ол өзінің жұмысын істеуге тырысты және ол оның өліміне себеп болды. Бринді батыр ретінде еске алайық. Оның өлімі - науқастардың өлімімен тең пандемияның салдары", - дейді дәрігердің жақындары. Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Оның ішінде Нью-Йоркте 301 450 науқас анықталған.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→