weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркия Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлауда

Түркия Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлауда

Түркия Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлауда
ашық дереккөзі
 width= Түркия президенті Реджеп Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының тұсаукесер рәсімінде оның елі 2023 жылдың соңына дейін Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Deutsche Welle. Ердоғанның сөзінше, ғарыш аппараты Айға елдің жүз жылдығына орай қонады. Одан бөлек, президенттің айтуынша, Түркия ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр.
"Елді жаһандық ғарыштық жарыстың жоғарғы лигасына шығаратын Ұлттық ғарыштық бағдарламаның жол картасы сәтті жүзеге асырылады", - деді президент.
Реджеп Тайип Ердоған соңғы 18 жылда Түркия спутниктермен, ғарышпен, ұшыру жүйелерімен және ғарыш жабдықтарымен байланысты 56 жобаға 2,1 миллиард лир (125 миллиард теңге) бөлгенін айтты.
"Түркия Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында ғарыш метеорологиясына инвестиция салу арқылы ғарыштағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ниетті", - деді ел басшысы.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→