weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауыспақ

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауыспақ

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауыспақ
ашық дереккөзі
Илья Ильин ауыр атлетикадан Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы спортпен біржола қоштаспақ деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі  Sports.kz-ке сілтеме жасап. 31 жасар зілтемірші бұл жөнінде өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырыпты. Жақында Ильин өзінің туып-өскен жері Қызылорда қаласына барып, жаңадан тағайындалған облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықовамен кездескен. "Мен жуық арада спорттық мансабымды аяқтайтынымды айттым. Және алдағы уақытта өзімді басқа бағытта көрсетуге бос уақытым мен күш-қуатым көп болатынын жеткіздім. Олардың бірі спорттық басқару менеджменті болмақ. Өзімнің туған жерім Қызылордаға және еліміздегі спортты дамытуға өз үлесімді қосқым келеді",-деді спортшы. Осылайша зілтемірші жаңа әкіммен кездесуде алдағы уақытта туған аймағындағы спортты дамытуға барын салатынын айтқан. Илья Ильин Токиода өтетін Олимпиададан соң, ауыр атлетикамен біржола қоштаспақ екенін хабарлаған болатын. Әйгілі зілтемірші Өзбекістандағы Халықаралық бірлік чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта топ жарған еді. Бұл – Ильиннің допинг жанжалынан кейінгі алғашқы жеңісі. Еске сала кетсек, жерлесіміз 2016 жылы екі алтын медалінен қағылған болатын. Ол 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында допинг дауына тап болған. Ал 2018 жылы ол үлкен спортқа қайта оралған еді.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→