weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды
ашық дереккөзі

 width=

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді.

Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол жеткізген шымкенттіктер сауапты іске ұйытқы болған азаматтарға айрықша алғыстарын айтты. – Рамазан айында халыққа көмек беріп жатқан диқандар мен қала әкімдігіне рақмет! Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын, деген азаматтар өздеріне тиесілі бақша өнімдерін алып, тарқасты. Айта кетейік, қаладағы «Ақ мешіт», «Абдул Хамид Каттани», «Байғұт баба» сынды мешіттердің маңында қайырымдылық жасап бақша өнімдерін таратқан кәсіпкерлер игі істі «Достық» шағынауданы мен «Қайнарбұлақ» саяжайында жалғастырды.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→