weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді

Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді

Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді
ашық дереккөзі
[caption id="attachment_4963" align="aligncenter" width="800"] width= Фото: Әлихан Сариев[/caption] Алматы қаласының полиция департаменті қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғанын және енді тұрғындарға қалада жүруге рұқсат берілгенін айтты.
"Қала аумағында енді жүре беруге болады, ол адам базада тіркелмеген болса да, көшеде жүруге рұқсат бар. Алайда гигиена ережелері мен коронавирус инфекциясынан қорғану ережелерін сақтауды ұмытпау керек", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Мұның алдында Алматыда қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғаны айтылған еді. "Алматы қалалық полиция департаменті карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды. Қазір патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады", - делінген еді ПД таратқан хабарламада.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→