Төреғалидің қарындасы болашақ жарын көрсетті (видео)

25 Шілде, 2019 345 0

Төреғалидің қарындасы болашақ жарын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz 

Мектепті "Алтын белгіге" бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқалы отырған Фариза Төреәліге жігіті тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап, таңқалдырған. Төреғалидің қарындасы жігітін көрсетіп, ұсыныс жасаған кездегі бенежазбасын жүктеді. Сонымен қатар, айдай сұлу ару сүйгеніне алғыс айтуды да ұмытпады.

"Мен үшін жасап жатқандарыңыздың барлығына рахмет, қымбаттым. Бағалаймын. Сіздің жақындарыңыз бен туыстарыңызға айрықша алғыс айтамын", - дейді Фариза Төреәлі.

.

Мұны көрген желідегі жұрт Фаризаға ақ тілектерін жаудырған. Олар аруға бақыт тілеп, жақсы келін болатынын жарыса жазды. 

"Баянды бақыт тілеймін", "Барлығымызға осындай керемет сәттер бұйырсын", "Қайта-қайта қарап, көзім тоймай отыр", "Өзім қобалжып кеттім ғой", "Күйеу бала өзің сияқты сұлу екен", "Тұрмысқа шыққалы жатыр ма? Әлде жай ғана сөз салды ма?" - десті жұрт.


Тегтер: ФаризаТөреәлі, Төреғали, отбасы, той

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.