weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әнші Ғаділбек Жаңай ұлды болды

Әнші Ғаділбек Жаңай ұлды болды

Әнші Ғаділбек Жаңай ұлды болды
ашық дереккөзі
Әнші Ғаділбек Жаңайдың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Жұлдызды жанұя тағы бір сәбимен толықты. Карантин кезінде өнер иесінің келіншегі оған ұл сыйлаған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап. Бұл қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке белгілі тележүргізуші Анна Данченко хабарлады. Ол Instagram парақшасында оқырмандардан сүйінші сұрап, жас әкеге құттықтауын жеткізген. "Сүйінші! Ғаділбек Жаңай ұлды болды! Кішкентай балапанның бауы берік болсын! Карантин бітсін, бұйырса, билеп-билеп құттықтап шығамыз" , - деп жазды ол. Ғаділбек Жаңай танымал журналистің жазбасына жауап беріп, көпшілікке "жұғысты болсын" деген тілегін білдірген. Желі қолданушылары бірден жұлдызды әкені сәбилі болуымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырған. Алайда әнші ұлды болғанымен өзінің парақшасында мүлдем бөліспеген. Өнер иесінің жары да жанұясындағы қуанышты жағдайды көпке жария салмаған. Айта кетейік, Ғаділбек Жаңай отбасылық өмірін барынша жасырын ұстайтын жұлдыздар қатарына жатады. Ол келіншегін ел алдына өте сирек шығарады.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→