Елбасының қандай көлікпен жүретіні белгілі болды

02 Тамыз, 2019 332 0

Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Instagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігінің суретін жариялады.

Суретке қарап, елбасының көлігінің мемлекеттік нөмірі 001 QR 01 екенін байқауға болады. QR сериясы  Qazaqstan Respіblıkasy немесе Qazaq Repulic деген мағынаны білдіруі мүмкін.

«Біз елбасының жеке мұрағатынан бірнеше фотосуреттерді жариялай бастадық. Бұрын бұл суреттер ғаламторға жарияланбаған», - делінген сипаттамада.

Бұрын Нұрсұлтан Назарбаев 01 KZ нөмірі бар автокөлік жүргізгені белгілі болды. Қазақстанның тұңғыш президенті өзінің жұмыс сапарларын жасаған көліктердің бірі - Теміртаудағы музей экспонаты. Ол 2005 жылғы Mercedes Benz S600L көлігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 001 KZ 01 нөмірлі көлікпен жүреді.

Дереккөз: sn.kz

Тегтер: НұрсұлтанНазарбаев, көлік, елбасы, номер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.