Қазақстандық дипломаттар енді Аргентинада білім алмақ

06 Тамыз, 2019 257 0

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Нұрлан Сейтімов Буэнос-Айрес қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Аргентина Сыртқы істер министрінің орынбасары Эрнесто Альберто Гаспари және Аргентина Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық қызмет институтының (ISEN) директоры Фернандо Энрике Петрелламен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР СІМ сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан мен Аргентина арасындағы түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың белсенді дамуын атап өтіп, қазақстандық дипломат еліміздің сыртқы саясатының экономикалануы, шетелдік инвестициялар тарту мен экспортты ілгерілетудегі Сыртқы істер министрілігі мен шет елдердегі мекемелерінің рөлі туралы хабарлады. Еліміздің дипломатиялық қызметін жетілдеру өзектілігін атап өтіп, ол дипломатиялық кадрларды даярлаудағы Аргентинаның тәжірибесімен танысуға қызығушылық білдірді. 

Өз кезегінде, Эрнесто Альберто Гаспари қазақстандық әріптесіне сапармен келгені үшін алғыс білдірді және аргентиналық тарап екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді. Тараптар сыртқы істер ведомстволары мен дипломатиялық академиялардың қызметтерін басқару мәселелері бойынша ақпарат пен пікір алмасты. 

Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Аргентина Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық қызмет институты арасында дипломаттарды даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аргентинаның дипломатиялық академиясының басшысы Фернандо Энрике Петрелла қазақстандық дипломаттарды үстіміздегі жылдың күзгі мерзіміндегі оқу курстарына қатысуға шақырды.



Тегтер: Қазақстан, Аргентина, дипломатия, қызметтер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.