Білім министрі Аймағамбетов: Оқулықтан бірнеше қате таптым

08 Тамыз, 2019 265 0

Елордада өткен жиында Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулығынан қате тапқанын айтты.

"Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Қоғам тарапынан көп сұрақ қойылып, сын-ескертпе жиі айтылады. Шыны керек, проблема бар, қателер кездеседі. Біреулер қате басылып кетті дейді, енді біреулер техникалық ақаулық деп ақталады. Алайда халықты бұл себептер қызықтырмайды1, - деді Аймағамбетов астанада өткен жиында.

Министр өзі де мектеп оқулықтарынан кемшіліктерді байқады. Оның айтуынша, мектеп оқулықтарында ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды.

«Мен өзім әдейі бірнеше оқулықты алып қарадым. Шынымды айтсам, өзім де бірнеше қате таптым. Ол қателер қайдан шығып жатыр? Министрлікке не істеу керек? Бүгін осы жайында сөйлесеміз», - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде оқулықтардың 40 пайызы мектептерге жеткізілді. 1 қыркүйекке дейін осы жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: АсхатАймағамбетов, оқулық, қателік, кітап

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.