Әлем фотографтары Астанада

06 Шілде, 2018 930 0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Елордада екінші мәрте «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалін ұйымдастырып отыр. Оған шетелдік және отандық 17  кәсіби фотограф қатысады.

Қытай, Жапония, Франция, Италия, Германия, Англия, Ресей, Армения сынды елдерден келетін кәсіби фотографтардың барлығы – әлемге танымал фотосуреттердің авторлары. Олардың арасында Армения Президентінің жеке фотографы Давид Акопян бар. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін түсіріп, әлеуметтік желіде бірден танымал болды. Суретті түсірудің ерекше әдістерімен өз брендтерін қалыптастырып үлгерген  мәскеулік Валера және Наталья Черкашиндер де даралауға тұрарлық. Сондай-ақ, Италиядан Филиппо Вентури,  Франциядан Филипп Шансель, Қырғызстандық Эркин Боожуров, Жапониялық Ясуxиро Огава, Венгриялық Аттило Бали, Уфадан Елена Болдырева, Израильден Ерез Маром, Қазақстандық Шүкір Шаxай, Бакуден Ситара Ибрагимова, және өзге де фотографтар атсалысады.

Бұл жолы әлемге әйгілі фотографтардың обьективіне – Қазақстанның елордасы – Астана ілікпек. Биылғы шараның ерекшелігі – 20 фотограф, нақты 20 бағыт бойынша жұмыс істейді. Яғни, 5-8 шілде аралығында шаһардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани келбетін кескіндеп, дүниежүзіне паш ететін болады. 

Шілденің 10-ы күні «PHOTOfest.KZ» халықаралық фотофестивалі қорытындыланады. Түсірілген фотоколлекция «Бәйтерек» монументінің алдында шілденің 10-ы мен 30-ы аралығында «Астана әлем фотографтарының обьективінде» фотокөрмесінде көрерменге ұсынылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер: астана, көрме, фотограф, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.