"Ақша мен үйді тартып алуы мүмкін": желіде Назарбаевтың сөзі тарады

14 Тамыз, 2019 346 0

Елбасы жастардың бойына нақты дүниелерді сіңіру керек екенін айтты

Әлеуметтік желіде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық жастарға айтқан ақыл-кеңесі тарады. Архивтік видеоны президенттің телерадиокешені жариялаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жастардың бойына нақты дүниелерді сіңіру керек. Ең бастысы – адам болу, білім алып, жақсы мамандық меңгеру. Мұны сендерден ешкім тартып ала алмайды. Ақшаны, үйді немесе тағы басқа нәрсені тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білім мен адамгершілігіңді ешкім тартып ала алмайды. Мен осыған шақырамын, сонда ғана сен өмірде жарып шығасың", - деді Назарбаев.

Бұл сөздерді Елбасы 2016 жылы 1 желтоқсанда елордада өткен республикалық жастар форумында айтқан.


Тегтер: Елбасы, президент, жастар, нақылсөздер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.